Риддердегі жылу электр орталығында тағы да апат болды
Риддер жылу электр орталығында тағы апат болды. Кеше багер станциясын су басып қалған. Осының кесірінен қазандықтарды қыздыратын мазутқа су араласып кеткен. Дегенмен жылыту орталығында жұмыс істеп жатқан мердігерлер мазутты сорып алып, барлық агрегаттың жұмысын қалпына келтірген.
Шаһар әкімінің айтуынша, бұл жолы апатқа жылыту орталығы басшылығының немқұрайлығы себеп. Дәл осындай жағдай былтыр қарашаның бесінде болған. Кешеден бері багер станциясында болған апатты жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол үшін 4 мото-помпа, 4 суасты сорғылары іске қосылған.
Дмитрий Горьковой, Риддер қаласының әкімі:
Риддер тұрғындарына айтарым- болған жағдай станцияның жұмысына әсер етпейді. Алаңдауға ешқандай себеп жоқ. Резервтік жабдық қосылған. Жылу электр орталығынан жылу беру кесте бойынша жүргізіледі. Штаб мамандары оқиғаның себептерін анықтайтын болады.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05