Қарағанды облысында көлік жүргізушілері жазаға тартылды
Қарағанды облысында полицейлердің жол жабық деген ескертуіне құлақ аспаған жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тыйымға қарамастан, жолға шығып кеткен үш адам енді сот үкіміне қарай 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді немесе 15 тәулікке қамалады.
Алдағы уақытта бұл заңға барлық жүргізушілер бағынуы тиіс. Еске салсақ, өңірде боран салдарынан жолдар жабылып, қар құрсауында қалған 200-ден астам адам құтқарылған еді. Қала ішінде де көлік қозғалысы қиындаған. Қолайсыз ауа-райының салдарынан 27 жол апаты болған.
Талғат Оспанов, облыстық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары:
Біздің қызметкерлердің ескертуіне қарамастан, кейбір автокөлік иелері жолға шығып кеткен. Осындай үш жүргізуші кездескен. Қазір олардың кім екені анықталды. Енді «Құқық қорғау органы қызметкерінің заңды бұйрығына немесе талабына бағынбау» бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Домбыраның үні бірер сағатта 100 мың қаралым жинады
22.10.2026, 17:27
Егемендік декларациясы – тәуелсіздікке бастаған тарихи құжат
22.10.2026, 17:25
Ақмола облысында шағын кәсіпкерлік пен мал шаруашылығы дамып келеді
22.10.2026, 17:20
Қолөнер шеберлері бұйымдарын қосымша арқылы сата алады
22.10.2026, 17:17
Әскери реформаға байланысты қоғам пікірі
22.10.2026, 17:15
Фейк: «Мұғалімдер мен дәрігерлерге арнайы ипотека»
22.10.2026, 17:12
Атырау облысының кәріз жүйелерін толық ауыстырады
22.10.2026, 17:10
Үшжақты кездесу алдағы айға жоспарланды
22.10.2026, 17:09