Жаңатасқа жылу берілді
Қатты дауылдан жылу мен жарықсыз қалған Жаңатас қаласы қайта қалпына келе бастады. Күні-түні жұмыс істеген мамандар аудандағы 25 елді мекеннің 11-іне электр энергиясын таратып, орталық жылыту қазандығын іске қосты.
Нұрдос Болатұлы, тілші:
Қазір шағын шаһардағы төтенше жағдайды жою бойынша 100-ден аса адам жұмыс істеп жатыр. Алдымен электр желілерін қалпына келтірген мамандар, орталық қазандықты энергиямен қамтамасыз етті. Бұдан бөлек қаладағы бірқатар әлеуметтік нысан мен 47 көпқабатты тұрғын үйге жарық берілді.
Ұялы байланыс дұрысталып, ауыз су мәселесі шешілді. Сонымен қатар, дауылдың салдарынан қалада 11 тұрғын үй мен мектеп, аурухана, қазпошта және аудан әкімдігі ғимаратының шатыры зақымданған. Арнайы құрылған комиссия барлық шығын көлемін есептеп жатыр.
Марат Сұлтанғалиев, Сарысу ауданының әкімі:
Жылу толық берілді. Міне екі сағат бұрын ғана мен сіздерге бердік деп айта алмадым. Енді қазір бердік деп толық айта аламын. Өздеріңіз көрдіңіздер, батарейлер мен жылу құрылғыларының бәріне жылу келіп тұр. Электр қуаты бойынша айтар болсақ, Жаңатас қаласында 97 көпқабатты үй бар. Оның бүгінгі таңда 45-47 үйі қосылды. Яғни, 50 пайызы қосылды.
Қазір аймақта ахуал тұрақталған, тұрғындарға жиі-жиі ақпарат беріліп, жағдай түсіндірілуде. Көшелер қалың қардан тазартылды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Сарысу ауданына табиғи сипаттағы төтенше жағдай енгізілген болатын. Желдің екпіні кей жерлерде секундына 44 метр ге дейін жеткен.
Сондай-ақ Жамбыл облысындағы боранды дауылдан төтенше жағдай қызметкерлері жолда қалған 326 тұрғынды құтқарған. Оның 72-сі бала. Ал полиция қызметкерлері соңғы бірнеше тәулікте 15 мың көлік жүргізушісіне жәрдем көрсетіп, бағыт бағдар берген.
Нұрдос Болатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңаөзенде 400 бала тегін үйірмелерге қатысуда
20.08.2026, 20:24
Шетелдік ғалымдар: Қазақстанның бір палаталы парламентке көшуі - тарихи өзгеріс
20.08.2026, 20:20
Құрылтай сайлауы күні 16 сағаттық жалпыұлттық online-марафон өтеді
20.08.2026, 20:19
Үгіт-насихат науқаны аяқталуға жақын
20.08.2026, 20:15
Халықаралық бақылаушылар дайындық барысымен танысты
20.08.2026, 20:15
Бала капиталы: Мемлекеттік қолдауды тиімді пайдалану жолдары
20.08.2026, 20:10
Алғаш рет депозиттегі қаражат 30 трлн теңгеден асты
20.08.2026, 20:07
Жатақхана тапшылығы 5700 орынға дейін қысқарды
20.08.2026, 20:06