Байқоңырда Қазақстан мен Ресей азаматтарынан құралған ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Байқоңырда Қазақстан мен Ресей азаматтарынан құралған ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды

04.01.2023

Байқоңыр қаласында Қазақстан мен Ресей азаматтарынан құралған ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды. 3 қаңтарда еліміздің ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ішкі істер министрлігі Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметімен бірлесіп арнайы операция өткізген. Астанада, Қызылорда мен Қонаев қалаларында аталған топтың көмекшілері ұсталды. Құрыққа ілінгендердің жалпы саны 18 адам Олардың үйінен атыс қаруы, ақша мен басқа да айғақ заттар табылды. Қылмыстық топтың адам ұрлау, бопсалау, қарумен қарақшылық шабуылдау және ұрлыққа қатысы бары анықталды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.  

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу