Әскердегі тәртіпті жасанды интеллект бақылайды
Әскердегі әлімжеттік жасанды интелектінің көмегімен анықталады. Қорғаныс министрлігі әскери бөлімдерге жаңа бейнебақылау камераларын орнатып жатыр. Ақылды жүйе әскери қызметкерлердің бет-әлпетін танып, олардың қозғалысына талдау жүргізеді. Қазір жоба тестік режимде іске қосылған. Жыл соңына дейін камералар 105 әскери бөлімге орнатылмақ. Мамандардың айтуынша, бұл құқықбұзушылықтардың алдын алып, бөлімдердегі бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді.
Дархан Ахмедиев, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:
Әскери бөлімшеде 100 адам қызмет ету керек болса, ол 100 адамның барлығы осында бар ма? Немесе жоқ. Жоқ болса не үшін жоқ? Оқуда жүр ме? Ауырып жатыр ма? Соның бәрін командир көре алады. Екінші мәселе автотехника, бронетехника орнында тұр ма? Жоқ па? Жаттығуларға шығып кетті ме?
Әскерилерге әлеуметтік жеңілдіктер ұсынылды
Мәжілісте әскери қызметкерлерге берілетін әлеуметтік жеңілдіктерді кеңейту мәселесі де көтерілді. Депутаттар төтенше жағдай кезінде жұмылдырылатын сарбаздардың еңбекақысын арттыруды ұсынып отыр. Сонымен қатар Қорғаныс министрлігі әскери қызметкерлердің жалақысы жыл сайын кезең-кезеңімен өсіп жатқанын мәлімдеді. Ал бітімгерлік миссияларға бөлінетін қаржыны аудару тәртібін жеңілдету әскери саладағы қаржы айналымын жеделдетуге мүмкіндік береді.
Олжас Құспеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Шекара қызметінде әскерде жүрген азаматтар төтенше жағдайларға тартылған кезде бізде су тасқыны болған кезде тартылды. Оларға үш есе айлық қарастырылмаған болатын. Соны біз қарастырдық. Және біздің бітімгершілік миссия бар ғой. Солардың ақшалары Біріккен Ұлттар Ұйымының қаржы министрлігіне түсетін. Содан кейін жарты жыл есебінде Қорғаныс министрлігіне түсетін. Біз сол аралықтағы артық звеноны алып тастап тікелей Қорғаныс министрлігіне түсіретін жағдай жасадық.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Психолог: Баланың интернетке тәуелділігін ерте анықтаған абзал
21.07.2026, 20:29
Құрылтай сайлауы – жаңа саяси кезең
21.07.2026, 20:27
Әскери оқу орындарына түсуді қалайтын жастар саны артып келеді
21.07.2026, 20:25
Әлеуметтанушы: Той өткізу мәдениетіне өзгеріс керек
21.07.2026, 20:19
Абай облысында қайтарылған активтер есебінен 27 нысан салынып жатыр
21.07.2026, 20:18
Ұлт ғылымының ұлы тұлғасы
21.07.2026, 20:17
Әскер туралы жалған ақпарат таратқан азамат сотталды
21.07.2026, 20:14
Телемедицина жүйесін дамыту жұмыстары жалғасып жатыр
21.07.2026, 20:11