Өңірде былтыр 4 млн тонна болат өндірілді
Былтыр Қарағанды облысында 4 миллион тоннаға жуық болат өндірілді. Qarmet металлургиялық комбинаты бұл көрсеткішті алдағы уақытта жоғарылатып, көмір өндірісін 9, темір кені концентратын 5 миллион тоннаға дейін жеткізбек. КСМ: Мемлекет басшысының тапсырмасымен өңірге арнайы келген Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев кәсіпорын жұмысымен танысты. Бүгінде №3 домна пеші табиғи газға ауысқан. Бұл мазутты пайдалануды толығымен тоқтатып, зиянды қалдықтарды азайтуға мүмкіндік береді. Онымен қоса Қарағанды қаласында газдандыру жұмыстарының алғашқы кезеңі аяқталуға жақын. Шаһарда 400 шақырымнан аса газ желісі тартылып, 10 мыңнан аса үй табиғи газға қосылмақ.
Мұрат Камалиев, қалалық құрылыс бөлімінің басшысы:
Алты мен жетінші пусковой комплексте жұмыс жүргізіп жатырмыз. Осы жылдың аяғына дейін аяқтаймыз. Алтыншы пусковой комплексті бес мың абонентке дейін жеткіземіз. Ендігі жылдан бастап екінші очередьті бастаймыз. Ол пришахтинск үшінші очередь ол майқұдық. Төртінші кезек Сортировка.
Алдағы уақытта Саран индустриялды аймағында еліміздегі баламасы жоқ құбыр зауыт іске қосылады. Ал тұрмыстық техника шығаратын зауыт жұмысы ілгерілеп, баспа платалары мен әртүрлі қосалқы компоненттерді өндіру бағытын игеруде. Онымен қоса Нұрлыбек Нәлібаев автобус шығаратын және автомобиль шиналарын өндіретін кәсіпорын жұмысымен танысып, жоғары баға берді.
Нұрлыбек Нәлібаев, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары:
Бірнеше зауыттарда болдық. Кем дегенде әрқайсысында 400 адамнан жұмыс істеп жатыр, 1000 адамнан жұмыс істеп жатыр. Qarmet-те болдық ол жерде енді орташа жалақы 619 мың теңге. Бұрынғыға қарағанда ол жақта көп жұмыстар жасалған. Қаланың өзіне де көмектесіп жатыр. Салық түсімдері де осыдан үш жыл бұрын 80 миллиардтың көлемінде төлеп келсе, бүгінде 147 миллиардқа дейін салық төлеп жатыр, ол енді өте жақсы.
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Цифрлық мүмкіндік пен спорттық шеберлік тоғысқан дода
22.07.2026, 20:32
Олимпиада-2028: Билеттердің ресми сатылымы басталды
22.07.2026, 20:30
Жетісу облысында шаруалар қысқы мал азығын қамдап жатыр
22.07.2026, 20:24
Маңғыстауда Шетпе теміржол вокзалы бастан-аяқ жөнделіп, қайта ашылды
22.07.2026, 20:24
Астанада «4739» деректі фильмінің премьерасы өтті
22.07.2026, 20:23
110 гектар алқапқа апорт көшеттері әзірленіп жатыр
22.07.2026, 20:21
Шымкентте мағыналы муралдар көбейіп келеді
22.07.2026, 20:16
Ұлыбританияда жасөспірімдерге энергетикалық сусын сатуға тыйым салынады
22.07.2026, 20:10