«Amanat» партиясы екібастұздық мың баланы шипажайларға жөнелте бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Amanat» партиясы екібастұздық мың баланы шипажайларға жөнелте бастады

04.01.2023

«Amanat» партиясы екібастұздық мың баланы шипажайларға жөнелте бастады. Оқушылар қысқы демалысты Семей, Алматы, Түркістан, Павлодар және Ақмола облыстарының шипажайларында өткізбек. Ұйымдастыру жұмыстарымен партияның Павлодар облыстық филиалы айналысуда. Филиал төрағасы Илья Теренченко қазір ата-аналардың рұқсаты жиналып,мектеп мұғалімдері мен медицина саласы мамандарының қатарынан балалармен бірге еріп жүретін азаматтар да жолға шыққан. Ал осы кезде Екібастұздағы зардап шеккен пәтерлерде жөндеу жұмысы жүргізілмек.

Илья Теренченко, «Amanat» партиясы Павлодар облыстық филиалының төрағасы:

Ең бастысы – балаларға жақсы көңіл-күй сыйлап, олардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жаңа жыл жағымды оқиғалардан басталып жатқаны қуантады. Балалар Қазақстанның жаңа қалаларын аралап, құрбы-құрдастарымен танысып, денсаулығын нығайта алады.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу