Байқоңырда трансұлттық қылмыстық топ ұсталды
Байқоңыр қаласында Қазақстан мен Ресей азаматтарынан құралған ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды. 3 қаңтарда еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігі Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметімен бірлесіп арнайы операция өткізген.
Астанада, Қызылорда мен Қонаев қалаларында аталған топтың көмекшілері ұсталды. Құрыққа ілінгендердің жалпы саны -18 адам. Олардың үйінен атыс қаруы, ақша мен басқа да айғақ заттар табылды. Қылмыстық топтың адам ұрлау, бопсалау, қарумен қарақшылық шабуылдау және ұрлыққа қатысы бары анықталды.
Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Серік Селеубай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Домбыраның үні бірер сағатта 100 мың қаралым жинады
22.10.2026, 17:27
Егемендік декларациясы – тәуелсіздікке бастаған тарихи құжат
22.10.2026, 17:25
Ақмола облысында шағын кәсіпкерлік пен мал шаруашылығы дамып келеді
22.10.2026, 17:20
Қолөнер шеберлері бұйымдарын қосымша арқылы сата алады
22.10.2026, 17:17
Әскери реформаға байланысты қоғам пікірі
22.10.2026, 17:15
Фейк: «Мұғалімдер мен дәрігерлерге арнайы ипотека»
22.10.2026, 17:12
Атырау облысының кәріз жүйелерін толық ауыстырады
22.10.2026, 17:10
Үшжақты кездесу алдағы айға жоспарланды
22.10.2026, 17:09