Жетісу облысының Сарыөзек ауылына табиғи газ берілді
Жетісу облысының Сарыөзек ауылына табиғи газ берілді. 3300 түтіні бар елді-мекен көгілдір отынға кезең-кезеңімен қосылады. Оның игілігін алғашқылардың бірі болып көпбалалы Садуақасовтар отбасы көрді. 14 баланы дүниеге әкелген Гүлназ Шакеноваға газ тегін тартылып, пеш орнатылып берді. Жалпы Кербұлақ ауданының 25 ауылына көгілдір отын беру жоспарланып отыр. Ал облыс бойынша 2025 жылға дейін бес аудан мен екі қала толығымен өркениет игілігіне қол жеткізбек. Мұнан бөлек Ақсу, Сарқан, Алакөл ауданына 315 шақырым магистральді газ құбырын тарту көзделіп отыр.
Гүлназ Шакенова, ауыл тұрғыны:
Бір жылда 12 тонна көмір жағатынбыз. Сыртында отыны бар. Күлді шығарып, тазалап біраз әуреге түсетінбіз. Енді міне, газ қосылды. Біраз жеңілдеп қалдық.
Ернат Бәзіл, Облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы:
Ол жобаның ақшасының көлемі үлкен. Шамамен 86 млрд теңге болып отыр. Оның бәрін біз 3 этапқа бөлеміз. Бірінші этаппен біз Жансүгіровке дейін апарамыз. Екінші этаппен Сарқанға дейін апарамыз. Үшінші этап Алакөлге дейін апарып, соның бәрі болғаннан кейін этап бойынша ауылдарды. Ол жерде бізде 66 елдімекен.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Командалық теледебат: партиялардың сөз сөйлеу реті анықталды
11.08.2026, 21:30
Марафоншы Құрылтай сайлауына дейін 1300 шақырымды бағындырмақ
11.08.2026, 20:22
Абай – қазақтың қазынасы
11.08.2026, 20:16
Жерасты мешіттері – әлемдік мұра
11.08.2026, 20:10
Жыл соңына дейін 190 мың автокөлік құрастырылады
11.08.2026, 20:09
Экс-президент Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
11.08.2026, 20:05
Үгіт-насихат науқаны қыза түсті
11.08.2026, 20:05
Жұмыс тобы сайлау учаскелерінің дайындығын арнайы мониторингтен өткізді
11.08.2026, 20:05