Ақтөбе облысындағы шахтада жұмысшы қайтыс болды
Ақтөбе облысындағы шахталардың бірінде жұмысшы қаза тапты. Оқыс оқиға Мұғалжар ауданы аумағындағы алтын өндіретін «Юбилейное» кен орнында болған.
Облыстық Еңбек инспекциясы өкілдерінің мәліметінше, жер астында 4 жұмысшы болған. 48 жастағы электрик тоқ сымдарын жалғап жатқан кезде оны ауыр экскаватор жаншып кеткен. Әріптестері дереу жоғарыға шығарғанмен, алған жарақаты өте ауыр болып, жұмысшы қайтыс болды. Машинист оны қараңғыда көрмей қалғанын айтқан.
Оқиғаның себеп-салдарын арнайы комиссия тексеріп жатыр. Экскаватор жүргізушісінен ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Домбыраның үні бірер сағатта 100 мың қаралым жинады
22.10.2026, 17:27
Егемендік декларациясы – тәуелсіздікке бастаған тарихи құжат
22.10.2026, 17:25
Ақмола облысында шағын кәсіпкерлік пен мал шаруашылығы дамып келеді
22.10.2026, 17:20
Қолөнер шеберлері бұйымдарын қосымша арқылы сата алады
22.10.2026, 17:17
Әскери реформаға байланысты қоғам пікірі
22.10.2026, 17:15
Фейк: «Мұғалімдер мен дәрігерлерге арнайы ипотека»
22.10.2026, 17:12
Атырау облысының кәріз жүйелерін толық ауыстырады
22.10.2026, 17:10
Үшжақты кездесу алдағы айға жоспарланды
22.10.2026, 17:09