Екібастұздағы ахуал: Жеке сектордағы 18 үйде жылу жоқ
Екібастұзда жер үйлерді жылуға қосу жұмыстары әлі жүріп жатыр. Жөндеу бригадаларына кедергі болып тұрғаны, кейбір тұрғындар үйлерін жауып, кетіп қалған. Қазір қалада техногендік төтенше жағдай режимі алынып тасталғанымен, жедел штаб жұмысын жалғастыруда.
Апат салдарын жоюға 200-дей адам жұмылдырылған. Әзірге оқушыларға сабақ қашықтан өткізіліп жатыр. Балабақшалар жабық. Себебі әбден салқындап кеткен ғимараттарда ішкі температураны көтеруге уақыт керек. Негізгі жұмыстар жеке секторлардың аумағында жүріп жатыр.
Аян Бейсекин, Екібастұз қаласының әкімі:
Ендігі алдымызда тұрған мақсат - 18 үйді аяқтау. Ол жерде енді 18 үйдің бәрі шалғай жатқан үйлер. Оларға жеке жылу жүйелері кіші диаметрлі құбырмен жеткізілген. Сондықтан оның бәрін, мұздап қалған жылу желілерін қалпына келтіру уақыт алып отыр.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Брюссельде Дүниежүзілік туризм форумы өтіп жатыр
10.11.2026, 20:18
Meta компаниясы балаларды әлеуметтік желіден шектемек
10.11.2026, 20:17
Ресей-Украина-АҚШ үшжақты келіссөзі басталды
10.11.2026, 20:17
Қысқа дайындық қалай?
10.11.2026, 20:16
Масылдық емес, еңбекті таңдағандар
10.11.2026, 20:15
Түркия: Металлургиялық зауыттағы жарылыстан 17 адам көз жұмды
10.11.2026, 20:14
Семейде «Digital Abai – 2026» халықаралық IT форумы өтті
10.11.2026, 20:12
Алатау – жаңа мүмкіндіктер қаласы
10.11.2026, 20:10