Ақтөбеде өзге вакцина алған балалар сауықтыру орталығына жіберіледі
Ақтөбеде дәрігерлердің салғырттығынан тұмауға қарсы екпенің орнына өзге вакцина алған балалар сауықтыру орталығына жіберіледі. Бұл туралы жеткіншектердің ата-анасымен кездескен денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді.
Еске салайық, қыркүйекте қаланың іргесіндегі Рауан елді мекеніндегі мектепте оқитын 42 балаға дәрігерлер өзге дәрі еккенін хабарлаған едік. Он күннен кейін оқушылардың білегі ісіп, иненің орны іріңдеп кеткен болатын. Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Кінәлілер жұмыстан кетті. Ақтөбеге келген министр ата-аналармен кездесіп, балалардың жағдайын білді.
Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
Балалар осыған дейін жергілікті және республикалық білікті дәрігерлердің бақылауында болды. Мен де күнделікті бақыладым. Ата аналары оларды сауықтыру орталығына жіберуді сұрап отыр. Министрлік ол ұсынысты қолдайды.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Домбыраның үні бірер сағатта 100 мың қаралым жинады
22.10.2026, 17:27
Егемендік декларациясы – тәуелсіздікке бастаған тарихи құжат
22.10.2026, 17:25
Ақмола облысында шағын кәсіпкерлік пен мал шаруашылығы дамып келеді
22.10.2026, 17:20
Қолөнер шеберлері бұйымдарын қосымша арқылы сата алады
22.10.2026, 17:17
Әскери реформаға байланысты қоғам пікірі
22.10.2026, 17:15
Фейк: «Мұғалімдер мен дәрігерлерге арнайы ипотека»
22.10.2026, 17:12
Атырау облысының кәріз жүйелерін толық ауыстырады
22.10.2026, 17:10
Үшжақты кездесу алдағы айға жоспарланды
22.10.2026, 17:09