Елімізде сауда-логистикалық хабтардың жұмысы дамиды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде сауда-логистикалық хабтардың жұмысы дамиды

29.11.2022

Елімізде құрылған сауда-логистикалық хабтар табысты жұмыс істеуі керек. Вице-премьер, Сауда және интеграция министрінің айтуынша, ресейлік бизнес өкілдерін тарту арқылы мол табысқа жетуге болады.

Орынборда өткен шекаралас аймақтардың ынтымақтастық форумында жалпы құны 23 миллиард теңге болатын жиырмаға жуық құжатқа қол қойылды. Санкция қыспағында қалған көрші елдің бизнес өкілдері біздің елмен бірлесе жұмыс істеуге мүдделі. Қазақстанда жүзеге асуы мүмкін жалпы құны 10 миллиард доллар болатын ресейлік 24 жоба бар. Ендігі міндет- көлік және сауда-логистикалық әлеуетті тиімді пайдалану.

Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, сауда және интеграция министрі:

Қазақстан құрып жатқан сауда-логистикалық хабтар. Біріншіден ол Хоргос, екіншіден Қырғызстанмен ашылып жатқан «Алатау» хабы, үшіншіден Өзбекстанмен, төртінші Каспий хабы, бесіншіден Евразия деген батыс қазақстан, Оралды. Соған бірлесе жұмыс істеп, дамытуға шақырдық.

Екі елдің үкімет мүшелері мен шекаралас облыс басшылары қатысқан шарада халықаралық саудадағы инфрақұрылымдық шектеулерді алып тастау мәселесі талқыланды. Ресейдің агроөнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы жақсы дамыған өңірлері Қазақстанның бірнеше облысымен тығыз байланыс орнатып келеді.

Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, сауда және интеграция министрі:

Біраз кездесулер болды.Ақтөбе облысы жақында астанада Актобе инвест деен форум өткізеді.Соған Башқұртстан мен Орынбор облысының бизнесмендерін шақырдық.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу