Семейде Нұртілеу Иманғалиұлының туғанына 70 жыл толуына орай көрме ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде Нұртілеу Иманғалиұлының туғанына 70 жыл толуына орай көрме ашылды

09.11.2022

«Бай қуатты болайық!» Семейде осындай атаумен танымал тележурналист, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Нұртілеу Иманғалиұлының туғанына 70 жыл толуына орай көрме ашылды. Экспозиция мамыр айында Елордадан бастау алып, еліміздің бірнеше қаласында болды. Онда телевизия тарланының пайдаланған заттары, қолжазбалары мен кітаптары, марапаттары сынды 200-ге жуық жәдігер қойылған. Жарты ғасырға жуық ғұмырын қазақ журналистикасына арнаған тұлғаның өмірі мен шығармашылығына қатысты қызықты деректер көпшілік назарына ұсынылды. Бірнеше буын журналистерді тәрбиелеп, отандық телеарналардың дамуына зор үлес қосқан талант иесінің құрметіне қойылған көрме Семейде қараша айының соңына дейін жалғасады. Жыл соңында Нұртілеу Иманғалиұлының туған жері Жетісу өңіріне жеткізілмек.

Қарлығаш Табулдинова Н. Иманғалиұлының жұбайы:

47 жыл қазақ телевизиясымен біртұтас болды ғой. 47 жылда 4,5 мыңға жуық хабар жасады. Ол хабардың 70 пайызы авторлық десем өтірік айтпайтын боламын. Өмірінің соңына дейін халқының бай-қуаттылығын тілеп кетті ғой. Сондықтан, бүгін көрменің өзін де «Бай қуатты» деп атағанымыз сол.

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу