Елбасы кітапханасында «Қазақстан және Біріккен Ұлттар Ұйымы: бейбітшілік үшін әріптестік» атты көрме ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы кітапханасында «Қазақстан және Біріккен Ұлттар Ұйымы: бейбітшілік үшін әріптестік» атты көрме ашылды

10.03.2017
Мәдени шара еліміздің ұйымға енгеніне 25 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.

«Қазақстан және Біріккен Ұлттар Ұйымы: бейбітшілік үшін әріптестік». Осындай атаумен бүгін Елбасы кітапханасында көрме ашылды. Мәдени шара еліміздің ұйымға енгеніне 25 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.

Ондағы жәдігерлер негізінен төрт бағыт бойынша топтастырылған. Алғашқы бөлігінде ұйым мүшелігіне ену тарихы көрсетілсе, екінші бағытында Қазақстанның шет мемлекеттермен қарым-қатынасы сипатталған.

Назым ҚАЙРАТ

Хабарламаларға жазылу