Талдықорғанда Нұртілеу Иманғалиұлының 70 жылдығына орай ұйымдастырылған көрме өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда Нұртілеу Иманғалиұлының 70 жылдығына орай ұйымдастырылған көрме өтіп жатыр

07.12.2022

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, танымал тележүргізуші Нұртілеу Иманғалиұлының 70 жылдығына орай ұйымдастырылған көрме Талдықорғанға жетті. Енді жетісулықтар да ардақты әріптесіміздің шығармашылығымен танысып, жеке қолданған заттарын, киімдерін, басқа да экспонаттарды тамашалай алады.

Нұртілеу Иманғалиұлы – Жетісудың тумасы. Бірақ ол тұтас қазақ еліне, ұлтқа қызмет еткен қоғам қайраткері. Сондықтан, қазақ телевизиясына еңбегі сіңген майталманның шығармашылығын дәріптеп, есімін ел есінде мәңгі сақтау үшін облыста бірқатар шара  атқарылуда.

Бейбіт Исабаев, Жетісу облысының әкімі:

Бүкіл творчествасын, ғұмырын, өмірбаянын бейнелейтін арнайы жинақ кітап шығару жөнінде мақсат қойып отырмыз. Алдағы жылдары Нұрекеңнің атындағы бильярд немесе футбол турнирін өткізу ойымызда бар.


Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу