Нұртілеу Иманғалиұлының 70 жылдығына орай көрме ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұртілеу Иманғалиұлының 70 жылдығына орай көрме ашылды

06.09.2022

«Бай,қуатты болайық!» Атырауда осындай атаумен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі журналист Нұртілеу Иманғалиұлының 70 жылдығына орай көрме ашылды. Тұрғындар мэтрге тиесілі заттар мен суреттерді облыстық тарихи-өлкетану музейінен көре алады. Салтанатты жиынға марқұмның жары мен зиялы қауым өкілдері және ізбасарлары қатысты. Экспозицияға Нұртілеу Иманғалиұлының эфирге киген киімдері, фотоапараттары мен камерасы, мемлекеттік наградалары, кітаптары мен қолсағаты, жеке қолжазбалары қойылған. Жалпы 200-ге тарта жеке заты көпшіліктің назарына ұсынылды. Көшпелі көрме 27 қыркүйекке дейін жалғасады.

Қарлығаш Советбекқызы, Н.Иманғалиұлының жары:

«Бетпе бет», «Діңгек», «Қолтаңба», «Нұртілеу». Осының барлығын бір-бір кітап қылып шығарсам деп ойлайтын. Жалпы эфирді қалай жүргізу керек, студенттерге, болашақ журналистерге үлгі болсын деп. Бастап қойған кітабы да бар еді. Құдай қаласа оның бәрі аяқталады деп ойлаймын.

Хабарламаларға жазылу