Нұртілеу Иманғалиұлының мерейтойына орай көрме өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұртілеу Иманғалиұлының мерейтойына орай көрме өтті

28.04.2022

Елордада аңыз журналист Нұртілеу Иманғалиұлының 70 жылдық мерейтойы құрметіне “Бай қуатты болайық” атты көшпелі көрме өтті. Телевизия ақтаңгерінің мемлекеттік наградалары мен төсбелгілері, көзі тірісінде қолданған заттары көпшілікке таныстырылды. Негізгі мақсат телевизия тарланының шығармашылығы мен өмір жолын жас буынға үлгі ету. Көзі тірісінде Нұртілеу Иманғалиұлының өзі көрме ұйымдастыруды армандаған. Шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, үзеңгілес достары, ет жақын туыстарымен шәкірттері қатысып, естелік айтты. Жыр арнап, толғау оқыды.

Қарлығаш Табылдинова, жұбайы:
Бұл Нұртілеу ағаларыңның өзінің идеясы болған. 70-ке толсам, 70 жылдығымда Қазақстанның әр өңірін аралап, өзінің патша көңілді көрерменімен жүздесіп сұхбаттасып, шағын көрмемді ұйымдастырсам деген. Сол кісінің көрмесін өткізейін деген ой болды.

Мақпал Ауғанбай

Хабарламаларға жазылу