Нұртілеу Иманғалиұлының 70 жылдығына арналған «Бай-қуатты болайық» атты көрме ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұртілеу Иманғалиұлының 70 жылдығына арналған «Бай-қуатты болайық» атты көрме ашылды

15.06.2022

Алматыда белгілі тележурналист Нұртілеу Иманғалиұлының 70 жылдығына арналған «Бай-қуатты болайық» атты көрме ашылды. Жиынға зиялы қауым өкілдері, телевизия тарланының жақын туыстары мен ізбасарлары қатысты. Шараның мақсаты - журналистика ардагерінің қоғамдағы рөлі мен сіңірген еңбегін жұртшылыққа насихаттап, қоғам қайраткері жайлы естеліктермен бөлісу, жас ұрпақ бойына патриоттық рух қалыптастыру. Көрмеге Нұртілеу Иманғалиұлының эфирде киген ұлттық үлгідегі киімдері, жеке қолжазбалары мен жұмыс үстеліндегі бұйымдары, мемлекеттік және мерекелік наградаларымен қатар, қанжар, қамшы, домбыра сынды 200-ге тарта жеке заты қойылды.

Бауыржан Жақып, ақын, ҚР Жазушылар одағы төрағасының орынбасары:

Алматы қалалық музейінде Нұрекеңе арналған, бір айға арнап көшпелі көрме ұйымдастырып отыр. Мұнда Нұрекеңнің теледидардан сөйлеген хабарларының барлығының таспасы жазулы тұр. Соны көріп тамашалуға болады. Алматылықтар келіп көруіне болады. Нұртілеуді сағынған әрбір қазақ келеді деп ойлаймын мұнда.

Қуан Нұрақын 

Хабарламаларға жазылу