Кен орындарын заңсыз үлестірді деген күдікпен бұрынғы вице-министр ұсталды
Пайдалы кен орындарын заңсыз үлестірді деген күдікпен бұрынғы вице-министр ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Бас прокуратурамен бірлесіп пайдалы қазбалар кен орындарын берудің заңдылығын тексерген.
Нәтижесінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер барлау үшін деп аукцион өткізбестен пайдалы қатты қазбалар қоры белгіленген кен орындарын кәсіпкерлерге заңсыз берген.
Ал бұған дейін жүргізілген барлау құжаттарын әдейі жасырған. Арнайы аукциондар өтпегендіктен, мемлекет ондаған миллиард теңгеден айырылған. Ұсталған бұрынғы вице-министр және оның туыстарында қымбат жылжымалы және жылжымайтын мүлік бар екені анықталды.
Серік Селеубай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Король Филиптің Қазақстанға сапары екі ел қатынасына жаңа серпін берді
23.10.2026, 17:30
Ресейде 2 мыңнан аса сауда орталығы жабылды
23.10.2026, 17:29
Ресейде еңбек мигранттарына талап қатайды
23.10.2026, 17:28
«Кітап оқитын ұлт» зияткерлік сайысы өтті
23.10.2026, 17:27
Отбасын қолдау – мемлекеттік саясат
23.10.2026, 17:24
NVIDIA бас директоры: Қазақстан – ЖИ-ді ұлттық басымдық деп жариялаған алғашқы ел
23.10.2026, 17:22
Қазақстан – инвестиция тарту бойынша көшбасшы
23.10.2026, 17:20
Заң үстемдігі және әділ төрелік – Ата заңның берік негізі
23.10.2026, 17:17