Қаңтар оқиғасында ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған 117 адам нақты мерзімге сотталды. Ал жалпы істі болғандар саны 579 адам. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің басшысы айтты. Санжар Әділовтың сөзінше, Қаңтар оқиғасына қатысты 16 мыңнан астам адамнан жауап алынып, шамамен 350 млн теңгенің мүлкі тәркіленді. Алматы және Талдықорған қалаларында тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін қолдану фактілері бойынша 8 полиция қызметкеріне қатысты екі қылмыстық іс сотқа жолданған. Жалпы құқық қорғау және арнаулы органдардың 29 қызметкері күдікке іліккен. Бас прокуратураның мәліметінше, бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектановқа қатысты іс сотта қаралып жатыр. Сондай-ақ, рақымшылық бойынша бес күдіктіге қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған.
Елдос Қилымжанов, ҚР Бас прокуратурасы қылмыстық қудалау қызметі басшысының орынбасары:
Қаңтар кезінде ел бойынша бәленше адам ждарақат алып, бәленше зардап шекті. 100 млрд теңгеден астам сомаға залал келді. КНБ Мәсімов тарапыпан мемелкетке опасыздық жасау, өкілеттілігін асыра пайдалану бойынша тергеу аяқталды.
Саламат Омаш