Украинадан бидай тиелген 12 су көлігі жолға шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинадан бидай тиелген 12 су көлігі жолға шықты

31.10.2022

Өткен тәулікте Ресей Украина астығын шетелге қауіпсіз жөнелту туралы келісімнен шығып, жүздеген жүк кемесінің жолына бөгет қойған еді.

Алайда, соңғы мәліметке қарағанда, бүгін Украинадан бидай тиелген 12 су көлігі қайтадан жолға шыққан.

«Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, осылайша Мәскеу әлемде ашаршылыққа себеп болуы мүмкін блокаданы жалғастырмауды жөн көрген тәрізді. Айта кетсек, Түркия, Ресей, Украина және Біріккен Ұлттар Ұйымы аталған келісімге шілде айында қол қойды. Содан бері Украинадан әлем елдеріне 9 жарым миллион тонна бидай мен азық-түлік жөнелтілген екен.

Ердоған экспортты жалғастыруға күш салмақ

Осы мәселеге қатысты бүгін Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған да мәлімдеме жасады. Ол Ресейдің қарсылығына қарамастан, Украинаның астық экспортын әрі қарай жалғастыруға күш салуға уәде беріп отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу