«Самара - Шымкент» автожолында 3 жүк көлігі соқтығысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Самара - Шымкент» автожолында 3 жүк көлігі соқтығысты

11.04.2022

«Самара - Шымкент» автожолында 3 жүк көлігі соқтығысып, аударылып қалды. Оқиға Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының аумағында болған. Жол апатына ұшыраған 2 фураның сау тамтығы қалмапты. Ал үшіншісі аздап зақымданған. Жүргізушілері аман, дегенмен түрлі дене жарақатын алған. Алыс жолға шыққан жүк көлігінің бірінде медициналық заттар болса, екіншісіне пияз тиелген. Қатты зардап шеккен жүргізушінің бірі – Украинадан бет алған сол елдің азаматы. Қазір ол аудандық ауруханада жатыр.

Жандос Мирманов, Қармақшы аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:
Хирургия бөліміне түскен кездегі жағдайын «ауыр» деп бағаладық. Келген кезде бас ми жарақаты, ми соғылуы, сол аяқтың тізенің ашық сынығы, балтыр сүйегінің сынығы анықталды. Қазіргі кезде ол кісінің жағдайы бірқалыпты.


Хабарламаларға жазылу