Атырауға 70-тен астам техника жіберілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауға 70-тен астам техника жіберілді

13.04.2024

Төтенше жағдай жарияланған Атырау облысына Түркістан облысынан 70-тен астам техника жіберілді. Түркістан және Арыс теміржол станцияларынан тиелген самосвалдар мен эксковаторлар, жүк көтергіш крандар батыс өңірге қарай жол тартты. Атырау станциясына екі тәулікте жеткізіледі деп жоспарланған. Бұл техникалар тасқынның алдын алу шаралары мен су басқан аумақтарды қалпына келтіру жұмыстарына қолданылады. Түркістан облысынан су басқан өңірлерге 9 ауыр жүк көлігі мен қосымша көліктерге тиелген 200 тоннаға жуық гуманитарлық көмек керуені де жолға шықты. Қайырымдылық іске Ассамблея мүшелері мен аудан тұрғындары ұйытқы болды. Олар азық-түлік, көрпе-төсек пен киім-кешек және құрылыс материалдарын жинап, көліктерге тиеді.

Бейсен Тәжібаев, облыс әкімінің орынбасары:

Одан бөлек біз 40-қа жуық ерікті волонтерларды да бөлек көлікпен дайындадық. Қазір бірге аттанады. Олар да барғаннан кейін түсіріседі. Елдегі жағдай көшірісуге, жайғастыруға елге көмектесетін болады.


Хабарламаларға жазылу