Қара теңізде Украинаның сауда дәлізі толық жұмыс істей бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қара теңізде Украинаның сауда дәлізі толық жұмыс істей бастады

22.09.2023

Ресейдің блокадасына қарамастан Қара теңізде Украинаның сауда дәлізі толық жұмыс істей бастады. Бүгін сол жол арқылы алғашқы алып кеме Мысырға аттанды. Черноморск портынан жолға шыққан су көлігіне 17 мың 600 тонна бидай тиелген. Кейбір болжамдарға қарағанда, бұл дәліз де, Ресей әскерінің шабуылына ұшырауы мүмкін.

Айта кетсек, биыл шілденің басында Ресей астық келісімінен шықты. Сондықтан бұрынғы жолмен Украинадан шетелге ауылшаруашылығы өнімдерін экспорттау мүмкін болмай отыр.


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу