Ақмола облысында кен өңдеу цехы анықталды
Ақмолалық полицейлер ұрлық дерегін тергеу барысында заңсыз кен өңдеп келген цехты анықтады. Тамыз айында қала тұрғыны белгісіз біреу үйіне кіріп алтын бұйымдарын ұрлап кеткенін хабарлайды. Ол қолды болған заттарды балқытып, басқа біреуге сатып жіберген. Осылайша, полиция қызметкерлері өзге күдіктінің ізіне түседі. 49 жастағы Степногорск тұрғынының көлігін тінту кезінде сары түсті ұнтақ салынған екі пластикалық бөтелке тәркіленді. Кейін Ақсу кентінде орналасқан шаруашылық ғимаратында жасырын цех жұмыс істеп тұрғыны анықталды. Ол жерден құрамында алтын бар 31 қап кен, ұсақтағыш құралдар мен өзге де жабдықтар табылды. Кварц кенін өндеу цехы көктемнен бері жұмыс істеп тұрған.
Ермек Елберген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түркияда той-думанда ысырапқа жол берілмейді
28.07.2026, 17:08
Дастан Сәтпаев «Челсидегі» алғашқы голын соқты
28.07.2026, 17:07
Полиция күшейтілген жұмыс тәртібіне көшеді
28.07.2026, 17:07
Павлодар облысында экологиялық-танымдық квест өтті
28.07.2026, 17:05
Ел жаңалықтарына шолу
28.07.2026, 17:03
Жастардың жұмыссыздық деңгейі жыл сайын төмендеп келеді
28.07.2026, 17:00
Халық пікірі: Жастар – қоғамның қозғаушы күші
28.07.2026, 16:58
Ассамблея өкілдері Құрылтай сайлауын талқылады
28.07.2026, 16:57