Түркістан облысында полимерлі битум өндірісі іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында полимерлі битум өндірісі іске қосылды

29.10.2022

Асфальт жолдардың ауыр жүк көліктерінің қатынасына шыдас беруі яғни беріктігі енді екі есеге артады. Бұл қазына қаржысын үнемдеуге мүмкіндік бермек. Түркістан облысындағы битум зауыты жол құрылысы кезінде пайдаланылатын полимер-битум байланыстырғыш қоспасын шығаратын жаңа желіні іске қосты.

Жаңа цехтың іске қосылуына байланысты Ақтотының да жауапкершілігі арта түсті. Зертханада жасалатын сынамалар тағы да көбейе түсті. Битумды модификациялау, яғни байытуға байланысты процестерді қадағалуы тиіс.

Ақтоты Қадыр, зертхана меңгерушісі:

Сол рецептура бойынша зертхана қажетті мөлшерде, қанша тонна, қанщдай затты қосу керектігін соған байланысты өндіріс жүретін болады.
Жаңа желінің іске қосылуы арқасында тағы 20 адамға жұмыс табылды.Полимерлі битум жол құрылысында кеңінен қолданылады. Өнімнің бір ерекшелігі, кез-келген ауру райына бейімділігі. Битум жол төсеніші қабатын біркелкі етеді және деформацияланудан сақтайды. 

Жанет Нұрлан, зауыттың бақылау кеңесі төрағасы: 

Бұның артықшылығы өз-өзін игеріп, өзін ретке келтіріп алатын битум. Асфальт каля болады, басқа болады, жарылмайды. Соның бәрі өз орнына келеді. Ол деген сапа.
Цех жылына 216 мың тонна өнім өндіруге қауқарлы. Бұл Түркістан облысындағы жол құрылысына қажетті битум мөлшерінен үш есе көп. Биыл өңірде 2 мың шақырымға жуық жол жөнделуде.

Ролан Ибрагимов, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

Келесі жылға 20 миллиард, 2024-2025 жылдарға 23 миллиард теңгеден қаржы қаралған болатын. Сол қаржыл шығатын болса, 2025 жылы жалпы пайдаланудағы, жергілікті маңызы бар жолдардың 95 пайызы жөнделеді.

Зауыт өнімінің негізгі тұтынушылары еліміздің оңтүстігіндегі өңірлер. Кәсіпорын басшылары келесі жылы аймақтарда жоспарланған жол құрылыстарына байланысты компаниялармен келісімдер жасауда.

Хабарламаларға жазылу