Азық-түлік бағасын талдайтын маркетинг орталығын ашу керек
Еліміздегі азық-түлік бағасын бақылауда ұстау үшін талдау жүргізетін маркетинг орталығын ашу қажет. Мәжіліс депутаты Ғалым Әміреев Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғаринге жолдаған депутаттық сауалда осындай ұсыныс айтты. Оның айтуынша, бұл мәселе бұған дейін бірнеше рет көтерілген. Сауда министрлігінің басшылары реттеудің жаңа тетігі әзірленіп жатқанын айтқан. Алайда әлі күнге дейін баға қалай реттелетіні туралы механизм ұсынылмаған, дейді. Депутат Үкіметтен азық-түлік бағасына қатысты жедел шара қабылдауды сұрады. Бағаны бақылаудан бөлек, тауарды тасымалдау мәселесі де өзекті.
Ғалым Әміреев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Қазіргі уақытта өте үлкен проблема, астық үшін де, басқа өнімдер үшін де вагондар жоқ. Үкімет кем дегенде бір айға жеңілдік шарттарымен вагондар беру мәселесін шешу керек. Бұл тек әлеуметтік маңызы бар тағамдарға қатысты.
Сәбит Әлдебай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23
Іле ауданында Республика күні аталып өтті
23.10.2026, 20:21