Біртанов ісі бойынша сот тергеуі аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Біртанов ісі бойынша сот тергеуі аяқталды

26.10.2022

Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Елжан Біртанов пен оның орынбасары Олжас Әбішевтің ісіне қатысты сот тергеуі аяқталды. Экс-министр қорытынды сөзінде «Мемлекеттік айыптаушы орган бізге тағылған кінәні дәлелдей алмады. Біз қылмыскер емеспіз, заңды бұзған жоқпыз»,-деді. Сондай-ақ, ол тергеу күрделі әрі күйзеліс жағдайында өткенін, бұған дейінгі сот отырыстарында өзінің кінәсіздігін айғақтайтын нақты дәлелдер ұсынғанын айтты. Судьяның сөзінше, сот үкімі шығатын уақыт алдын ала белгіленіп, оған айыпталушылар мен айыптаушы орган тарапынан 8 адам шақырылады. Елжан Біртанов 2020 жылдың 3 қарашасында бюджет қаражатын ысырап етті деген күдікпен қамауға алынғанын еске саламыз. Бұрынғы министр мен оның орынбасарына мемлекетке 1,5 млрд теңге шығын келтірді деген айып тағылған.

Саламат Омаш


Хабарламаларға жазылу