Astana Media Week-2022 апталығы басталды
Astana Media Week-2022 апталығы басталды. Алтыншы рет өткізіліп отырған шара отандық және шетелдік жетекші медиаменеджерлер мен журналистер, блогерлер, тәуелсіз сарапшыларды бір алаңға жинады.
Әсима Нұрбайқызы, тілші:
«Жаңа дәуір - жаңа медиа: Метағалам». Биылғы апталықтың арқалаған тақырыбы осы. Міне, өздеріңіз көріп тұрғандай, бұл жерде медиа кеңістікте жүрген барлық ақпарат құралдарының өкілдері жүр. Ел аумағынан бөлек, шетелдерден келген мамандар да бар. 150-ден астам спикер 3 күн бойы 30-дан астам іс-шараға қатысады. Жаңа дәуірдегі сенім. Жаңа уақыттағы кәсібилік. БАҚ-тың үздіксіз дамуы. Осы үш тақырып биылғы шараның негізгі бағыты. Міне, мұнда «Контент-маркет» атты көрме де қойылған. Оған республикалық және аймақтық телеарналар мен продакшн-компаниялар қатысып жатыр. Жаңа тележобаларын, реалити-шоу, мульфильмдерін таныстыра алады. Жалпы, бұл қазақстандық медиа апталық - Орталық Азия аумағындағы ең ірі медиа оқиға. Бүгін алыс-жақыннан келген мамандар панельдік сессия аясында сапалы, объективті ақпарат берудің жаңа тәсілдерін талқыға салады.
Әсима Нұрбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23
Іле ауданында Республика күні аталып өтті
23.10.2026, 20:21