Еуроодақ елдері көгілдір отынды бірігіп сатып алмақ
Еуропалық Одақ мемлекеттері энергетикалық дағдарыспен күресуде күш біріктірмек.
Брюссельде өткен саммитте Одаққа мүше елдердің көшбасшылары энерготасымалдаушы құнын ұстап тұруға келісті. Табиғи газды сатып алу кезінде уақытша баға дәлізі белгіленбек. Сондай-ақ, Еуроодақ мемлекеттері бұдан былай көгілдір отынды бірігіп сатып алуға уағдаласты. Энерготасымалдаушы бағасының өсуімен күреске бағытталған шараларды жүзеге асыру 27 елдің энергетика министрлеріне жүктелді.
Урсула Фон Дер Ляйен, еуропалық комиссияның төрағасы:
Біз газды бірігіп сатып алуға және қажет болған жағдайда бір-бірімізбен газ алмасуға келісіп, үлкен қадам жасап отырмыз. Сондай-ақ газдың биржадағы бағасын бақылауға қатысты ортақ мәмілеге келуге жақындадық.
Шарль Мишель, еуропалық кеңестің төрағасы:
Біздің үш мақсатымыз бар. Ол бағаны төмендету, газдың қауіпсіз тасымалдануына кепілдік беру және энергоресурстарға сұранысты азайту. Еуроодақ азаматтары осы шешімдердің игілігін жақын арада көреді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем жаңалықтарына шолу
27.05.2026, 20:59
Арқалықтағы жылу мен электр жүйелерін жаңартуға 5,8 млдр теңге бөлінді
27.05.2026, 20:58
Жамбыл облысында күкірт қышқылын өндіретін зауыт ашылды
27.05.2026, 20:56
Сенат төрағасы әлеуметтік дәмхананың қызметімен танысты
27.05.2026, 20:55
Адам құқығы - басты назарда
27.05.2026, 20:54
«Almaty Superski» тау курортын салу жобасы қоғамдық талқыға түсті
27.05.2026, 20:52
Шағын ауданға жол салынады
27.05.2026, 20:51
Қызылордалық музыканттар Люксембургта флешмоб ұйымдастырды
27.05.2026, 20:47