Адам құқығы - басты назарда
Адам құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту үшін бірқатар заңнамалық норманы қайта қарау қажет. Астанада өткен ғылыми-практикалық конференцияда осындай бастама көтерілді. Сарапшылардың айтуынша, жаңа Конституцияда бекітілген құқықтар мен бостандықтардың толық жүзеге асуы үшін қолданыстағы заңдарды жетілдіру маңызды. Сондай-ақ жиында әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғау, қоғам мен мемлекет арасындағы құқықтық тепе-теңдікті сақтау мәселелері талқыланды. Мамандар «Заң және тәртіп» қағидатының тек ұран күйінде қалмай, нақты құқықтық тетіктер арқылы іске асырылуы қажет екенін айтты. Конференция барысында айтылған ұсыныс-пікірлер бойынша қорытынды әзірленіп тиісті министрлікке жолданды.
Дархан Төкеев, ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институтының жетекші ғылыми қызметкері:
Бүгінгі конференция бойынша адам құқықтарына басты назар аударып отырмыз. Ең алдымен, Конституциямызда адам кепілдіктеріне, құқықтарына назар аударамыз. Бұл жерде алғашқы Конституциямыз қазіргі әрекет етуші, ол жерде адам және азамат деп белгіленген. Сонымен қатар, бұл жерде оның құқықтары қалай жүзеге асырылады, құандай заңнамалық нормалармен жүзеге асыруылуы керек, қандай заңдар өзгеріске ұшырауы керек деген сияқты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы