Арқалықтағы жылу мен электр жүйелерін жаңартуға 5,8 млдр теңге бөлінді
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында биыл үкімет резеврінен Арқалық қаласының электр және жылу желілерін жаңғырту үшін 5,8 млрд теңге бөлінді. Қаражаттың 3 млрд теңгесі электр желілерін, 2,8 млрд теңгесі жылу магистралін жаңғыртуға жұмсалады. Арқалықтағы энергетикалық инфрақұрылым нысандарының едәуір бөлігі 1970 жылдары салынған. 2025 жылы мұндағы жылу желілерін жөндеуге 914 млн теңге бағытталған. Бөлінген қаражат есебінен 1,6 шақырым желі жаңартылды.
Ержан Ертаев, ҚР Энергетика министрлігі мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы:
Қаржыландыру аясында ұзындығы 8,3 метрлік шақырым болатын Арқалық қаласының жылу желілерін реконструкциялау үшінші кезең жобасын іске асыру жалғасады. Бұл қаладағы жылу желілерінің тозу деңгейін 25 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар тозу деңгейі 90 пайыздан асатын электр желілерін реконструкциялау жұмыстары жүргізіледі. Жоба аясында үш қосалқы станция жаңғырту, сондай-ақ 110, 35 және 10 кВт электр беру желілерін салу және қайта жаңғырту көзделеді.
Автор
Айнұр Маратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18
Маңғыстауда қаза болған әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті
26.09.2026, 12:53
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24