Басты Жаңалықтар Қызылордалық музыканттар Люксембургта флешмоб ұйымдастырды

Қызылордалық музыканттар Люксембургта флешмоб ұйымдастырды

Сыр бойының өнерпаздары Еуропада дәстүрлі ән-жырды әуелетті. Қарт құрлықта гастрольдік сапармен жүрген Қызылорда облыстық филармониясының ұжымы Люксембургта флешмоб ұйымдастырды.

Сыр елінің өнер майталмандары қазақтың бай мәдени мұрасын көпшілікке таныту үшін Люксембургтағы басты алаңды таңдаған. Шаһардың көрікті жерлерін көруге мұнда жылына бір млннан астам турист келеді. Түрлі ұлт өкілі ашық аспан астындағы қазақстандық әртістердің шағын концертін тамашалады. Ансамбль ұжымы Абайдың, Шәмшінің әндерін шырқап, ұлттық күй мен биден шашу шашты. Музыканттардың кәсіби шеберлігіне, ұлттық аспаптардың үніне тамсанған еуропалықтар өнерпаздарға қошаметті жаудырып, естелік суретке түсті.

Малу Ронэ, Люксембург қаласының тұрғыны:

Ғажап концерт. Әндері, билері бәрі қатты ұнады. Ұлттық киімдеріңіздің көркі тамаша. Осындай әсемдікті көргеніме қуаныштымын. Бұл менің Қазақстанға деген қызығушылығымды онан сайын арттырды.

Ройн Вул, бельгиялық турист:

Люксембургқа келіп, осындай керемет концертке тап болғаныма қуанып тұрмын. Өзге мәдениетпен танысу бір ғанибет. Әртістерге көп рақмет.   
Бөлісу