Алматыда Халықаралық алма күніне орай көрме өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Халықаралық алма күніне орай көрме өтті

20.10.2022

Қызыл кітапқа енген жабайы алмаларды зиянкестер көп зақымдайды. Еліміздің ұлттық парктерінде өсетін Сиверс алма ағаштарын қорғауға ерекше назар аударуымыз қажет. Оны сақтап, көбейту міндеті де тұр. 21 қазан - Халықаралық алма күніне орай өткізілген көрме аясында осындай мәселелер көтерілді. «Қазақстан - алманың отаны. Осыны символ ретінде жоғары бағалап, аялау маңызды»,-дейді ұйымдастырушылар.

Көрмеде жеміс жөнінде ғылыми фактілер мен түрлі зерттеулерден келтірілген жазбалар ұсынылды. Фотосуреттер қойылды. Айта кетейік, Сиверс алмасы негізінен Іле мен Жоңғар Алатауының баурайында, Тянь-Шань және Тарбағатай тауының жоталарында өседі. Оның осыдан 165 млн жыл бұрын пайда болғанын 2002 жылы британдық биолог-генетик Бэрри Джунипер дәлелдеген.

Ақмарал Асылбекова, Алма мұражайының қызметкері:

Музейді құру идеясы қала үшін маңызды қадам болды деп ойлаймыз. Қоғамда да алма туралы ақпарат үлкен резонанс тудыратынын байқадық жобамыздың арқасында. Сондықтан да келешекте бүкіл әлем Қазақстанды шынымен да алманың отаны деп білсе, туристер үшін ақпарат көп.

Фариза Мұсақызы

Хабарламаларға жазылу