Ертең «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары анықталады
Ертең елордада елдің «Мерейлі отбасы» анықталады. Жүзден жүйрік шығып, үздік атанамын деген үлгілі отбасылар дайындықты бастап кетті.
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына өз өңірлерінен оза шыққан 20 жанұя қатысады. Барлық жанұяларды біріктіретін бір қасиет – отбасы татулығы, тәрбие мектебі. Мәселен, жетісулық Андас әулеті - бес атаға дейін тұтынған 700-ден аса құнды жәдігерді сақтап, бүгінге жеткізген. Ал ұлытаулық Әйтеновтер отбасы - металлургтер династиясы. Тау-кен саласындағы әулеттің жалпы еңбек өтілі 442 жылға жетеді. Ал Жамбылдан келген Ержановтар отбасы 12 баланы асырап отырған патронаттық жанұя. Отбасы құндылығын сақтап отырған Ержановтар жанұясының жастарға айтары да бар.
Сапура Ержанова:
Қазір өмір жақсы. Өмірге жақсы көзқараспен қарап, сүйіспеншілікпен бір-біріне деген жақсы өмір кешудің амалын істеу керек. Ата-анасы жақсы өмір сүрсе балалары да соған бейім болып өседі.
Дархан Рақымжан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23
Іле ауданында Республика күні аталып өтті
23.10.2026, 20:21