«Кіші Аралдан айырылып қалуымыз мүмкін». Сенатор бюджеттен қаржы сұрады
Кіші Аралдан айырылып қалуымыз мүмкін. Депутат Мұрат Бақтиярұлы осылай деп дабыл қағып отыр. Өйткені алдағы 3 жылға арналған республикалық бюджетте бұл мәселені реттеуге қаржы қарастырылмаған. Ал Аралдың қазіргі жағдайы қауіпті.
Осыдан 17 жыл бұрын Аралды құтқару үшін Көкарал бөгеті салынған. Алайда оның 200 метрін су шайып кеткен. Учаске қазір шұғыл жөндеуді қажет етеді. Жобаның сметалық құжаттамасы дайын. Құны да белгілі. 4,5 млрд теңгеге жуық қаржы керек. Осыдан 3 жыл бұрын Президент Көкарал бөгетін нығайтуға қатысты тапсырма берген. Бірақ, бұл де ескерусіз қалды деп отыр сенатор.
Мұрат Бақтиярұлы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Егер су кететін болса, онда Қызылорда облысының облыс болып тұруына да неғайбыл жағдай. Өкінішке орай Үкімет 500 млн ғана ақша бөлді. 2023-2025 жылғы бюджетте бұл ақша жоқ. Бір жылдың көлемінде оны шешімге алып, тиісті қаражатты бөлмейтін болса, онда Кіші Арал теңізін ұстап тұру мүмкін емес, мамандар да солай дейді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңаөзенде 400 бала тегін үйірмелерге қатысуда
20.08.2026, 20:24
Шетелдік ғалымдар: Қазақстанның бір палаталы парламентке көшуі - тарихи өзгеріс
20.08.2026, 20:20
Құрылтай сайлауы күні 16 сағаттық жалпыұлттық online-марафон өтеді
20.08.2026, 20:19
Үгіт-насихат науқаны аяқталуға жақын
20.08.2026, 20:15
Халықаралық бақылаушылар дайындық барысымен танысты
20.08.2026, 20:15
Бала капиталы: Мемлекеттік қолдауды тиімді пайдалану жолдары
20.08.2026, 20:10
Алғаш рет депозиттегі қаражат 30 трлн теңгеден асты
20.08.2026, 20:07
Жатақхана тапшылығы 5700 орынға дейін қысқарды
20.08.2026, 20:06