Биыл тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша 100 мыңнан астам өтініш түскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша 100 мыңнан астам өтініш түскен

20.10.2022

Биыл тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарына 100 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Алайда олардың 60 пайызына полиция тиісті шара қолданбаған. Бұл мәселелер отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға қатысты өткен форумда көтерілді. Жиында бас қосқан жауаптылар, үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтық қоғам мүшелері осы мәселе төңірегінде ой бөлісіп, жағдайды жақсарту туралы ұсыныстар айтты. Мәселен отбасының шырқын бұзғандарды қамауға алу мерзімін 25 тәулікке дейін ұзарту, ескерту жазасын қоғамдық жұмыстарға ауыстыру секілді шаралар қолға алынуы керек.

Нариман Төреғалиев, ҚР Парламенті сенатының депутаты:

Заңды күшейту бір бөлек, оның себептері неде, неге тұрмыстық зорлық-зомбылыққа біздің әйелдер мен балаларымыз неге жиі ұшырап жатады деген сұрақтар туындайды. Отбасындағы мынау жұмыссыздық мәселесі, тұрғын үй мәселесі, бұларды біз жасырмауымыз керек, солардың себеп-салдарлары отбасындағы әр түрлі дау-дамай, кикілжіңдерге алып келіп жатады.

Ламбриан Топузидис


Хабарламаларға жазылу