Басты Жаңалықтар Қазақстандық оқушылар Женевада өткен робототехникадан әлем чемпионатында жеңіске жетті

Қазақстандық оқушылар Женевада өткен робототехникадан әлем чемпионатында жеңіске жетті

Қазақстандық оқушылар Женевада өткен робототехникадан әлем чемпионатында жеңіске жетіп, рекорд орнатты. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады. Ел намысын қорғаған шәкірттер 167 елдің жасөспірімдерімен сынға түсіп, ең көп ұпай жинады.

Робототехника чемпионаты – әлемдегі ең беделді жарыс. Онда ұлттық құрама атынан 15 пен 17 жас аралығындағы 5 оқушы бақ сынады. Олар 3 күн ішінде 16 ойын өткізіп, ешқайсысынан жеңілмеген. Оқушылар бірінші орынмен ғана шектелмей, өзге де қатысушыларға көрсеткен «Айрықша қолдауы үшін» Al-Khwarizmi алтын медалін, сондай-ақ, роботты жасаудағы тамаша инженерлік қабілеттері үшін «JUDGES AWARD» арнайы сыйлығын жеңіп алды. Бұл жеңіс оқушыларға әлемнің жетекші оқу орындарына түсуге мүмкіндік береді.

Асылбек Данияр

Бөлісу