Жамбылдық тұрғындар жолды өздері жөндеуге кірісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбылдық тұрғындар жолды өздері жөндеуге кірісті

17.10.2022

Жамбылдық тұрғындар жолды өздері жөндеуге кірісті. Тұрар Рысқұлов ауданы Қайыңды ауылының азаматтары қаражат жинап, 10 шақырым жолдың ой-шұқырын жамап алған. Қайыңды ауылының көшелері жөндеу көрмегеніне - 6 жылдан асыпты. Қаржы бөліп, қарастырамыз деген екі әкім де ауысып кеткен. Ақыры тұрғындар, жылу жинап, жолдың мәселесін өздері шешуге кіріскен. Солардың қатарында, ауылдың белсенді азаматы - Айдын Баққожаев та бар. Жастардың басын қосып 3 күнде шұқырларды тегістеп алдық дейді ол.

Айдын Баққожаев, Қайыңды ауылының тұрғыны:

«Жолдың мәселесі осы соңғы 5-6 жылда ешқандай жол жөндеуден өткен жоқ. Ой-шұқыр, әкімдер де ауысып жатыр айтамыз, талабымызды жеткіземіз бірақ ешқандай атқарылып жатқан іс көрмедік. Сомен халық өздері ақша жинап әр үй, жеке қожалықтар, ауылдың жастары көтеріліп осындай іс-шаралар жасадық. Шұқырларды бітедік, жолды тегістедік.

Ауыл әкімінің айтуынша, былтыр ауданға ұсыныс беріліп, сметалық құжаттары дайындалған. Бірақ былтыр жөндеу жұмыстары қаржы тапшылығына байланысты шегерілсе, биыл құрылысына қажет «битум» қымбаттап, келер жылға қалып отыр дейді.

Азамат Асанбай, «Қайыңды» ауылдық округінің әкімі:

21 жылы жоспарда болған, бюджетке кіргізілген. Одан 2022 жылы істелетін болып қалды да битуиның қымбаттығына байланысты тағы да өзгерістер негізіп, 2023-ке жылжытты.

Нұрдос Сембек 

Хабарламаларға жазылу