Ақтөбеде тұтас бір ауданның тұрғындары электр энергиясына жарымай отыр. Тұрғындардың сөзінше, жарық күнде өшеді. Қала ірегесіндегі «АқтөбеСельмаш» елді мекенінде тұратын 100-ге жуық үйдің тұрғындары бірнеше жылдан бері осы мәселе бойынша әкімдікке шағымданып келеді. Алайда, нәтиже жоқ. Ауылдағы трансформатор әбден ескірген. Салдарынан, тоқ кернеуі шамадан тыс артып, тұрғындарды шығынға батырып отыр.
Бисенбай Алдабергенов, қала тұрғыны:
Свет күнде сөніп жатыр.Соңғы кездері сөнуі тіпті көбейіп кетті. Айына 20 рет сөнеді десем, қателеспеген болар едім. Халыққа көп ущерб келді соңғы екі жетінің ішінде. Электрический ворота бар еді, сол жанды.Сосын көршілердің холодильник жанғандары бар, телевизоры жанғандары бар
Соңғы бір аптада мұндағы тұрғындардың 40-қа жуық тұрмыстық техникасы жанып кеткен. Келген шығын көлемі екі миллион теңге. Бұл тек есептелгені ғана. Сондықтан, тұрғындар жергілікті әкімдіктен мәселені шешуді кезекті рет талап етті. Ал, жауаптылар өздеріне тиесілі жұмысты толықтай атқарамыз деген уәде берді.
Абай Орынбасаров, қалалық ТҮКШ бөлімінің маманы:
Қосалқы трансформатордан әр үйге шығатын әуе желілері біздің бөлімге берілмегендіктен бүгінгі күні сол берілмеген әуе желілерінен ақаулар шығып, санауыш жанып кеткені анықталып отыр бүгінгі күні. Біз өзіміздің теңгерімге беріәлген қосылған қосалқы транформатарды «Энергосистема» серіктестігі арқылы күтіп ұстау жұмыстарын жүргіземіз.
Жақсыбек Кемал