Жетісу облысының Бөрібай би ауылында жаңа мектеп салынып жатыр
Жетісу облысында небәрі жарты жылда бой көтеретін модульді мектеп салынып жатыр. Бөрібай би ауылының тұрғындары Республика күні қарсаңында құрылыстың қарқын алғанын айтып, қуаныштарымен бөлісті. Білім шаңырағы жеңіл болат құрастырмалардан қаңқасы салынып, жылу сақтайтын материалдармен қапталады. 240 оқушыға арналған мектепті салуға 1 млрд 200 млн теңге қарастырылған. Жаңа нысанға ең алдымен мектеп оқушылары мен ұстаздар қуанып жатыр. Себебі, қазіргі мектеп ғимараты әбден ескірген. Сыныптары тар, спорт залы мен алаңы мүлдем жоқ. Жаңа мектепте кабинеттер, асхана мен мәжіліс залы заман талабына сай болмақ.
Жәнібек Әбиров, құрылыс учаскесі басшысының орынбасары:
90 адам жұмыс күші жұмылдырылған. Жоспар бойынша қараша айының 30-на аяқтауға тырысамыз.
Ауылда сондай-ақ кірме жолға да күрделі жөндеу жүргізіле бастады. Шағын елді-мекеннің бірнеше көшесіне асфальт төселеді. Абаттандыру жұмыстары келер жылдың көктемінде аяқталуы тиіс.
Айнұр Түйебаева, ауыл тұрғыны:
Неше жылдан бері жол түседі деп айтылып келді. Бірақ, биылға сәті түсіп, мектеп пен жол қатар түсіп жатыр. Ол да өте қуанышты. Біздің ауылымыздың қос қуанышы біз үшін өте керемет жаңалық болып жатыр.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық өнердің ұстаханасы жаңартылады
27.07.2026, 20:58
Тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыттың құрылысы басталды
27.07.2026, 20:56
Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
27.07.2026, 20:06
«Болашақ ойындары – 2026»: Халықаралық командалар Астанаға жинала бастады
27.07.2026, 20:04
БҚО-да 116 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды
27.07.2026, 20:04
Тоқтар Әубәкіров – 80 жаста
27.07.2026, 20:03
«Таза Қазақстан» акциясы аясында табиғи аумақтар тазартылды
27.07.2026, 20:02
Маңғыстаудың жартас мешіттері Дүниежүзілік мұралар тізіміне қосылды
27.07.2026, 20:01