Ақтөбе облысында Республика күніне орай мерекелік шаралар өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында Республика күніне орай мерекелік шаралар өтті

15.10.2022

Республика күні Ақтөбе облысында қазан айының басынан тойланып жатыр. Қазір Ақтөбе мен барлық аудандарда «Жанашыр жүрек», «Таза табиғат» және «Қыран елім – Қазақстаным!» акциялары жалғасып жатыр. Барлық білім беру ұйымдарында тұрақты түрде диктант, эссе байқаулары мен пікірсайыс турнирлері өткізіледі. Сондай-ақ, барлық мәдениет мекемелерінде де ауқымды шаралар ұйымдастырылмақ. Мәселен, облыстық драма театр сахнасында «Қазақстан – жаңа тарих бастауы» деп аталатын танымдық шара мен «Темір нарком» спектаклі қойылады. Ал, «Егеменді елім» атты негізгі іс-шара өнер орталығында өтеді. Сондай-ақ, еліміздің қалыптасуы мен республиканың нығаюына елеулі үлес қосқан азаматтарға құрмет көрсетіледі.

Серік Қонақбаев, облыстық Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары:

Республика күнін мерекелеу жалпыұлттық тұтастығымызды, қалыптасқан мемлекеттілігімізді айшықтай түсетін бүкілхалықтық мейрам. Осыған байланысты, Ақтөбе облысында 25 қазан Республика күнін мерекелеудің облыстық жоспары әзірленді. 25 қазан Республика күніне арналған іс-шаралар қазан айының 3-нен басталды, 25 қазанға дейін жалғасатын болады. Облыстық жоспарға барлығы 107 шара еніп отыр.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу