Жетісу облысының бірнеше елді мекені көгілдір отынмен қамтылды
Республика күні қарсаңында Жетісу облысының бірнеше елді мекені көгілдір отынмен қамтылды. Ауылға келген газдың алауын алғашқы болып тұрғындардың өздері тұтатты.
Өркениет игілігіне Көксу ауданына қарасты Бесқайнар ауылының тұрғындары ерекше қуанды. Себебі 150 түтін, мыңға жуық халқы бар ауыл көмір тасып, пеш жағу машақатынан құтылды. Жалпы аудан бойынша бұл газ құбыры тартылған төртінші ауыл. Ай соңына дейін тағы төрт елді-мекенге көгілдір отын беріледі. Ал Жетісу облысы бойынша газдандыру жұмысы 2025 жылға дейін жалғасады. Келесі жылы 22 ауылға газ кіреді.
Бибігүл Көбегенова, ауыл тұрғыны:
Ауыр бейнеттен құтылдық. Көмір жағатынбыз тонналап. 4 тонна көмір кететін. Күндегісін 3-4 шелек көмір жағатынбыз. 1978 жылдан бері тұрамыз осы биылға дейін міне. Заманымыздың өзгергені, жақсарғаны ғой.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23
Іле ауданында Республика күні аталып өтті
23.10.2026, 20:21