Қоғамдық кеңестер жүйелі түрде азаматтарды қабылдауды практикаға енгізуі қажет - Дархан Қыдырәлі
Өзін-өзі басқару ұйымдарына халық сенімін арттыру үшін азаматтарды қабылдап, олардың мәселесін күн тәртібіне қою керек. Мұндай ұсыныс қоғамдық кеңестердің 3-ші республикалық мәжілісінде айтылды. Қазір елімізде барлығы 256 қоғамдық кеңес жұмыс істеп тұр. Оған 4000-ға жуық адам мүше. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бұл ұйымдарды институт ретінде дамытып, құзіретін кеңейту мақсатында бірнеше ұсыныс дайындаған. Оның ішінде республикалық деңгейде үйлестіру кеңесін құру, кеңес мүшелерінің қызметін бағалау механизмін енгізу, атқарылып жатқан жұмыс нәтижелесін бұқараға жеткізу және халықпен байланысты одан ары нығайту туралы бастамалар бар.
Дархан Қыдырәлі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:
Қоғамдық кеңестер жүйелі түрде азаматтарды қабылдауды практикаға енгізуі қажет. Сонымен қатар қоғамдық кеңес отырыстарының күн тәртібін де азаматтармен көтерілетін мәселелерге байланысты құрылғаны жөн деп санаймыз. Осы орайда мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс немесе гранттық қаржыландыру аясында қоғамдық кеңес мүшелерін кәсібилендіруге бағытталған әлеуметтік жобаларды әрбір өңірде іске асыру мүмкіндігін қарау ұсынылады.
Серік Селеубай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңаөзенде 400 бала тегін үйірмелерге қатысуда
20.08.2026, 20:24
Шетелдік ғалымдар: Қазақстанның бір палаталы парламентке көшуі - тарихи өзгеріс
20.08.2026, 20:20
Құрылтай сайлауы күні 16 сағаттық жалпыұлттық online-марафон өтеді
20.08.2026, 20:19
Үгіт-насихат науқаны аяқталуға жақын
20.08.2026, 20:15
Халықаралық бақылаушылар дайындық барысымен танысты
20.08.2026, 20:15
Бала капиталы: Мемлекеттік қолдауды тиімді пайдалану жолдары
20.08.2026, 20:10
Алғаш рет депозиттегі қаражат 30 трлн теңгеден асты
20.08.2026, 20:07
Жатақхана тапшылығы 5700 орынға дейін қысқарды
20.08.2026, 20:06