Қырғыз Республикасы 2023 жылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына төрағалық етеді
Қырғыз Республикасы 2023 жылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына төрағалық етеді. Қазақстан мен Ресей теңтөраға болады. Қырғыз тарабының ұсынысымен ТМД мемлекеттері басшыларының келесі кеңесі 2023 жылы 13-ші қазанында Бішкекте өтеді. БАҚ өкілдерімен кездесуде атқарушы комитеттің төрағасы Сергей Лебедев, ТМД мемлекет басшыларының Кеңесінде қабылданған ортақ шешімдер тығыз қарым-қатынас пен жүйелі жұмыстардың жемісі екендігін айтты. Күрмеуі шешілмеген мәселелер әлі де бар. Сондықтан көпжақты келіссөздерді ширатуымыз қажет, деді төраға.
Сергей Лебедев, ТМД атқарушы комитетінің төрағасы:
Атқарушы комитеттің басшысы ретінде Қазақстан төрағалық еткен кезеңдердегі жүзеге асқан шараларға оң баға бергім келеді. Біз иық тіресе жұмыс істедік. Мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақты сақтау мен нығайту бойынша көп жұмыс атқарылды. Алда ТМД экономикалық кеңесінің отырысы бар. Ол 9 желтоқсанда Мәскеуде өтеді. Қазақстан төрағалық ететін басқосу да жемісті болады деп үміттенеміз.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ҚР Конституциясы заңды күшіне енді
01.07.2026, 13:00
«Әділет» партиясы өтініш қабылдаудың бірыңғай цифрлық сервисін іске қосты
01.07.2026, 12:27
Бибісара Асаубаева алғаш рет әлемнің үздік бес шахматшысының қатарына қосылды
01.07.2026, 10:41
Жоғары сот АҚШ-та туған балаларды автоматты түрде Америка азаматтығын алатынын растады
01.07.2026, 10:41
Конституция мемлекет пен халық арасындағы байланысты нығайтады
01.07.2026, 10:39
Халық пікірі: Конституциялық өзгерістерден қандай жаңашылдық күтесіз?
01.07.2026, 10:38
Жаңа Конституцияда Преамбула толық жаңарды
01.07.2026, 10:37
Үкіметте Жаңа Конституцияны сапалы іске асыру шаралары қаралып жатыр
01.07.2026, 10:35