Биыл Қостанайдағы Ахмет ауылында 26,4 шақырым жол асфальтталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл Қостанайдағы Ахмет ауылында 26,4 шақырым жол асфальтталады

14.10.2022

Қостанай облысындағы Ахмет ауылына биылға жоспарланған 41 шақырым жолдың тек 26 жарым шақырымы ғана асфальтталады. Себебі қалған 15 шақырымға асфальт төсеуге қаржы бөлінгенімен, жұмысты жүзеге асыратын мердігер шықпаған. Үш бөліктен тұратын бұл жобаға барлығы 2 млдр 800 млн теңге бөлінген. Соның 11,4 шақырымдық алғашқы бөлігіндегі жұмыс толық аяқталды. Екінші бөлігін аяқтауға төрт шақырым ғана қалды. Сонымен қатар осы жолдың бойындағы көпірге 201 млн теңгеге күрделі жөндеу жасалды. Жолдың - құны 1 млрд теңгеден асатын 15 шақырымдық соңғы бөлігін жөндеуге 5 рет конкурс жарияланғанымен оған бірде бір мердігер қатыспапты. Себебі жөндеу жүретін жерден асфальт зауыты 200 шақырым, қиыршық тас алатын орын 350 шақырым қашық. Яғни, мердігер үшін тиімсіз.

Шота Оспанов, Жангелдин ауданының әкімі:

Келесі жылға келесі жылдың тарифтеріне сәйкес, қымбаттаушылықты да ескеріп, жол да алыстап бара жатыр, бұрын Шұбалаңға дейін еді, енді отыз шақырым қосылды. Сөйтіп алыстай береді. Соның бәрін ескеріп қайта есептеу жүргіземіз. Сонда мердігерлер шығуы мүмкін.

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу