Бас прокуратура дизель отынының қымбат болу себебін түсіндірді
Күздің басында дизель отынының қымбаттауына мұнай таратушылардың айла-шарғысы әсер еткен. Мәжіліс депутаттарының сауалына жауап берген Бас прокурор Берік Асылов ұсақ жеткізіп берушілер жағдайды пайдаланып, көтерме бағаны өсіріп жіберген дейді. Нарықта небәрі 25 пайыз үлесі бар олардың қызметі монополияға қарсы заңнамамен реттелмейді. Осының кесірінен бір литр дизельдің бағасы өңірлерде 230-260, тіпті 450-500 теңгеге дейін жеткен. Тапшылық өршіп тұрғанда 633 жанармай құю стансасы баға теңсіздігінің басылғанын күтіп, қолда бар отынды сатпаған. Осы жағдайға байланысты 17 адам әкімшілік жауапқа тартылды.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23
Іле ауданында Республика күні аталып өтті
23.10.2026, 20:21