Көкшетау тұрғындары жаңа үйдің құрылысына қарсы
Көкшетаудың ортасындағы бірнеше көпқабатты үйдің тұрғындары аулада салынатын баспана құрылысына түбегейлі қарсы. Олар жер тарылып, көлік қоятын орын қалмайды деп алаңдайды. Қазірдің өзінде дұрыс істемей тұрған кәріз жүйесіне қосымша ауыртпалық түседі дейді көпшілік. Тұрғындар талап-тілектерін қалалық әкімдік өкілдеріне жеткізді. Құрылыс компаниясының басшыларымен де кездесу өткізді. Алайда тараптар ортақ шешімге келе алмады. Көпшілік ауладағы жер телімі не себепті жеке меншікке берілгенін білмей дал. Олар бос жерге спорт алаңын салып беруді сұрайды.
Наталья Бойко, қала тұрғыны:
Біз жаңа үй салуға қарсымыз. Үй бой көтерсе, аула мүлдем тар болып қалады. Оның орнына спорт алаңын салу керек. Жасөспірімдер ойнайтын орын жоқ. Қаланың басқа аудандары сияқты бізде де алаңның болғанын қалаймыз.
Дәулет Жүнісов, Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары:
Компанияның үй салуға рұқсат құжаттары жоқ. Ал жер бұрын балама ретінде берілген екен. Оның да заңдылығы тексеріледі. Уәкілетті органның шағымы негізінде құқықтық бағасын сот береді. Бұл мәселе қалалық әкімдіктің бақылауында болады.
Ермек Елберген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06