Ұлытау облысында тоғыз айда 7 мыңға жауық адам жұмысқа орналасқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлытау облысында тоғыз айда 7 мыңға жауық адам жұмысқа орналасқан

06.10.2022

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Жезқазған және Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданы тұрғындарымен кездесті. Министр жолдауда айтылған тапсырмалардың орындалу барысын және Әлеуметтік кодекс жобасындағы жаңа өзгерістерді айтып берді. Қазір бизнестің ұлттық жобалары мен жеке бастамалары шеңберінде барлық жұмыс орындары электрондық еңбек биржасына орналастырылады. Бүгінгі күні мұндай 111 мың жұмыс орны ұсынылған. Сондай-ақ агрокредиттік корпорациямен бірлесіп, жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау мақсатында жылдық мөлшерлемесі 2,5 пайызбен несие берудің бағдарламасы әзірленіп жатыр. Жыл сайын 6 мың жас оның игілігін көреді деді министр. Ал осы жылдың 9 айында Ұлытау облысында 7 мыңға жауық адам жұмысқа орналасқан.

Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

Әлеуметтік кодекс барлық отбасының жағдайын жақсартуға бағытталуы керек. Біз барлық 18 заңды қосып кодексті жаздық. Енді сол кодекстегі кейбір заңдарды өзгертіп жатырмыз. Кейін ол парламентке барады. Сосын үлкен жұмысшы тобы қосылып, қосымша өзгерістер қажет болған жағдайда енгізілетін болады.

Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу